2 қыркүйек күні «Тұран» лицейі» мектебінде білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл күн жаңа оқу жылының басталуын, үміттерге, жаңалықтарға және үлкен жоспарларға толы кезеңнің ашылуын білдірді.
Мектеп табалдырығын алғаш рет біздің ең кішкентай бірінші сынып оқушылары аттады. Олар үшін бұл күн үлкен жолдың нағыз бастамасы болды. Бірінші сынып оқушылары қонақтар мен ата-аналарға әсерлі жырларын тарту етті.
Мерекелік бағдарламада 4 «А» сынып оқушысы Аслан Лоридің әні, каратэшілердің спорттық қойылымы және «Razzle Dazzle» студиясының биі орындалды.
Ерекше сәттердің бірі «Жылдың үздік сыныбы-2024» құрметті атағын табыстау болды:
- Бастауыш сыныптар арасында — 4 «В» сыныбы.
- Орта буын арасында — 5 «А» сыныбы.
- Жоғары сыныптар арасында — 11 «А» сыныбы.
Символдық алғашқы қоңырауды 10 «Б» сынып оқушысы Дияр Қасымов пен 1 «Б» сынып оқушысы Пак Элеонора соқты.
Мереке барша оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды біріктірген жалпы флешмобпен аяқталды. Жаңа оқу жылы бәрімізге жарқын жаңалықтар, табыстар мен қуанышты жетістіктер әкелсін!