Дәстүр бойынша дене шынықтыру мұғалімдері бүкіл оқу жылындағы тынымсыз еңбектің қорытындысын шығарады.
19 мамырда XXVI спартакиаданың жабылуына арналған Денсаулық және спорт мерекесі өтті.
Осы ұзақ уақыт ішінде лицей оқушылары дене шынықтыру сабағында спорттық шеберліктерін шыңдап, білім стандарттары мен Президенттік тестілеуден өтуде жоғары нәтиже көрсетіп, спорттық жарыстарға, мерекелерге, спорттық ойындардың чемпионаттарына, шахмат турнирлері мен достық кездесулерге қатысып, жеңіске деген ерік-жігерлерін көрсетті. «Бірге біз күшпіз!» челленджіне қатысқан лицей оқушылары мен әріптестерін атап өткім келеді.
Соңғы көңілді старттар өткізілді, Спартакиада жалауы түсірілді. Алда емтихандар мен жазғы демалыстар. Барлығына денсаулық және позитивті көңіл-күй!!!