Қазақстанның ұлттық валютасының туған күнінде математика пәнінің мұғалімі Класс Регина Геннадьевна 6-7 сыныптар арасында айтулы оқиғаға орайластырылған қызықты викторина ұйымдастырды. Мұғалім оқушылардан білім, логика және тапқырлықты талап ететін бірнеше таңдау сұрақтары, шығармашылық тапсырмалар сияқты әртүрлі формаларды қолданды. Сұрақтар тарихи фактілерден бастап күнделікті өмірде теңге айналымының практикалық аспектілеріне дейінгі мол ақпараттарды қамтыды. Викторинада қазақстандық теңге валютасының тарихы мен мәніне басты назар аударылды.
Теңгенің туған күніне арналған викторина маңызды білім беру іс-шарасы ғана емес, сонымен қатар оқушылар үшін ұлттық валюта және оның Қазақстан экономикасы мен мәдениеті үшін маңызы туралы білімдерін тереңдетуге ат салысқан мерекеболғаны анық.