19 қыркүйекте «Тұран» лицейінде» 8-11 сынып оқушыларына арналған «Мектепте, колледжде, жоғарғы оқу орнында бизнес-жобаларды әзірлеу және басқару» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шара аясында жақында құрылған «Жас ғалымдар, инженерлер және технологиялық кәсіпкерлер клубы» жобасы «Байқоңыр болашағы — жастардың қолында» туралы таныстырылым ұсынылды.
Кездесудің спикерлері:
• Владимир Затолокин — IP Trizontomac компаниясының өкілі және Matriz Official халықаралық ассоциациясының вице-президенті.
• Сергей Шевченко — «Тұран» университетінің түлегі, CubeSat KazSmartSat және KaSmartRocket жобаларының авторы.
Жоғары сынып оқушылары өздерінің ғылыми және кәсіпкерлік идеяларын қалай дамытуға және оқу барысында өз жобаларын жүзеге асыруға болатыны туралы құнды мәліметтер алды.




