1 қыркүйек – барлық мектеп оқушыларының басты мерекесі. Бұл бірінші сынып оқушылары үшін Білім еліне алғашқы қадам, мектеп түлектері үшін соңғы алғашқы қоңырау. «ТҰРАН» ЛИЦЕЙ МЕКТЕБІНДЕ ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСТАЛУЫНА АРНАЛҒАН ЕСТЕ ҚАЛАРЛЫҚ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН Әдемі, әсерлі өтті.
Мектеп директоры, п.ғ.д. Светлана Константиновна ИСЛАМГУЛОВа және «Тұран» білім беру корпорациясының президенті, «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанұлы АЛШАНОВ оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, білім оңайлықпен берілмейтінін, оған табанды еңбек керек екенін айта отырып, мектеп өмірінің қызықты да, қуанышты екенін атап өтті.
келесі кезекте бірінші сынып оқушылары үйренген өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Эстафетаны би студиясы алып, 6 «Б» сынып оқушысы Кусекбаева Адель «Мектеп» әнін орындады, каратэ секциясынан демонстрациялық қойылым көрсетілді. жаттықтырушылар құрамында мектебіміздің түлегі Юрий ЕВГЕНЬЕВИЧ ИГУМНОВ бар. ол ағымдағы жылдың қазан айында ЖАПОНИЯДАҒЫ өтетін абсолютті чемпионатта Қазақстан Республикасының намысын қорғайды. бұл көрсетілім де мерекенің жарқын және ұмытылмас сәтіне айналды.
білім күніне арналған мерекелік іс-шарадан кейін Барлық сыныптар «Мен Қазақстанның патриотымын» атты сынып сағатына көшті.
Баршаңызды оқу жылының басталуымен құттықтаймын. биылғы оқу жылы білімге, жаңалықтарға, шығармашылыққа және жетістіктерге толы болсын!