19–21 қараша аралығында “Тұран” Лицейі” мектебінің мұғалімдері мен 9–10 сынып оқушылары Қазақстанның Халықаралық «Білім және Карьера 2025» көрмесіне қатысты. Бұл — еліміздің мектептері мен оқу орталықтары өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім саласындағы жаңа үрдістерді таныстыратын жыл сайынғы алаң.
Лицей өкілдері келушілерге оқу бағыттары, оқу үдерісінің ерекшеліктері және оқушылардың жетістіктері туралы әңгімеледі. Жоғары сынып оқушылары мектеп өмірі, жобалар мен олимпиадалар жайлы әсерлерімен бөлісіп, болашақ мектеп оқушылар мен олардың ата-аналарының сұрақтарына жауап берді.
Мұғалімдер мектептің оқыту тәсілдерін және қолдау мен дамуға жағдай жасайтын заманауи әдістемелерді таныстырды.
Көрмеге қатысу біз үшін маңызды оқиға болды. Ол мектепті кең аудиторияға таныстыруға, серіктестермен байланыс нығайтуға және білім беру форумының қонақтарымен қарым-қатынас жасауда құнды тәжірибе алуға мүмкіндік берді.
“Тұран” Лицейі” мектебі білім беруді дамытуға және оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларға қатысуды жалғастыра береді.




