Биылғы оқу жылында «Тұран» лицейі» мектебінде алғаш рет «Тұран амбассадоры» шығармашылық байқауы басталды. Оның мақсаты мектептің имиджін әлеуметтік желілерде ілгерілету.
Оқушылар #Тұран Амбассадоры хэштегімен шығармашылық контент құра отырып, процеске белсенді қатысты. Байқау аясында балалар өздерінің шығармашылығы мен мектепке деген сүйіспеншілігін көрсете отырып, бейнероликтер түсіріп, посттар мен әңгімелер жариялады.
6 «Б» сынып оқушылары Шабанова Милана мен Анварбекова Айлин жеңімпаз атанды. Қыздар өздерінің TikTok аккаунтын жүргізіп, онда олар түпнұсқа бейнелерді жариялайды, сонымен қатар әлеуметтік желілердегі мектептің ресми аккаунты беттеріне контент жасауға қатысады.
Жеңімбаздарымызды лайықты жеңісімен құттықтаймыз және шабыт пен жаңа шығармашылық табыс тілейміз!