31 қазанда «Тұран»лицейі» мектебінің мұғалімдері Л.С.Омарова, М.А.Кочеткова және Н.И. Цой 2025 жылы аттестаттаудан өтуді жоспарлап отырған мұғалімдерге » Мұғалімнің тәжірибесін жетілдіру тәсілі ретінде Lesson Study әдісін қолдана отырып оқыту сапасын арттыру » тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Семинар барысында мұғалімдерге педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған теориялар мен одан кейінгі шығармашылық жұмысты зерделеу үшін көрнекі және үлестірмелі материалдар ұсынылды.
Семинар-тренингке қатысушылар топтарға бөлініп, әдіс кезеңінің бірінші сабағын дайындауға кірісті.