Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

«Razzle Dazzle» би студиясының «На высоте» халықаралық байқауындағы жеңісі

29 Наурыз 2026

29 наурыз күні «На высоте» халықаралық хореографиялық байқауы өтті. Бұл байқауға «Razzle Dazzle» би студиясы сәтті қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

Оқушыларымыз лицей намысын лайықты қорғап, хореографиялық дайындықтың жоғары деңгейін, жарқын артистизмді және биге деген шынайы сүйіспеншіліктерін көрсетті. Осындай ауқымды байқауға қатысу олар үшін маңызды әрі құнды тәжірибе болды: үлкен сахнада өнер көрсетуге, өз қабілеттерін танытуға және кәсіби қазылар алқасының жоғары бағасын алуға мүмкіндік берді.

Қатысушыларымыздың тамаша нәтижелерін мақтанышпен хабарлаймыз:
🏆 «STREETDRIVE» – I орын
🏆 «Жастықтың сыры» – I орын
🏆 «Таза қозғалыс» – I орын

Оқушыларымызды және студия жетекшілерін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа шығармашылық табыстар мен жарқын өнер көрсетулер тілейміз!

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй