Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Қазіргі заманғы форматтағы көркем еңбек сабақтары

24 Сәуір 2026

Қазіргі оқушы – жан-жақты дамуға ұмтылатын және әртүрлі қызмет түрлерін меңгеруге дайын тұлға. Осындай мүмкіндіктерді көркем еңбек сабақтары ашады, мұнда теория мен тәжірибе өзара үйлесім табады.

Көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Омарова Ляззат Сембаевна мен Абдыкалыков Болат Асетович 5 «А» сыныбында қызықты әрі танымдық сабақ өткізді. Сабақ ерекше форматта ұйымдастырылып, оқушыларға әртүрлі бағыттарда өздерін сынап көруге мүмкіндік берді. Сабақ барысында ұлдар аспаздық негіздерін меңгеріп, тағам дайындаумен айналысса, қыздар ағашқа күйдіру техникасымен танысып, шығармашылық қабілеттерін, ұқыптылықтарын және көркемдік ойлауын дамытты.

Мұндай оқу үдерісін ұйымдастыру оқушылардың практикалық дағдыларын дамытып, олардың дүниетанымын кеңейтеді және әрбір балаға түрлі салада өз қабілеттерін ашуға көмектеседі.

 

 

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй