3 қазан күні біздің Конгресс-холл алғыс пен жылулыққа толы болды! Оқушылар сүйікті мұғалімдеріне арналған тамаша мерекелік концерт ұйымдастырды!
Балалар өз ұстаздарына қуаныш пен шаттық сыйлаған жарқын шығармашылық нөмірлер тарту етті!
Біз тамашаладық:
-
«Бақытты балалық шақ» тобының орындауындағы жүрек тебірентерлік «Мұғалімдер» әнін;
• 7 «А» сыныбынан Вера Меньшенина, Лиза Сорокина, 2 «В» сыныбынан Карина Жекенова, Адель Құсекбаева мен Адель Төлебаевалардың әсерлі өнерін;
• 2 «А» сыныбының көңілді биін және 3 «Б» сыныбының нәзік «Жентльмендер мен ханымдар биін»;
• Қорытынды нөмір – 4 «В» сыныбының энергияға толы флешмобы болды!
Бұл концерт сіздердің баға жетпес еңбектеріңізге, даналықтарыңыз бен қамқорлықтарыңызға арналған нағыз ризашылық мерекесіне айналды!
Рақмет сіздерге, қадірлі мұғалімдер! 💐




