Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

«Менің туған өлкем» тақырыбында  ашық сабақ

27 Қараша 2024

«Тұран» лицейі» мектебінің бастауыш сыныптары семинары аясында 1 «А»  сынып мұғалімі Емелькина Н.Ю. дүниетану пәні бойынша «Менің туған өлкем» тақырыбында  ашық сабақ өткізді.  Оқушылар туған өлкесінің ерекшеліктерімен танысты. Балалар өздерінің кішкентай Отанының табиғатын, дәстүрлерін, мәдени көрікті жерлерін және тарихи мұраларын қызығушылықпен зерттеді. Сабақта оқытудың интерактивті әдістері қолданылды: презентациялар, ролик, шағын зерттеулер, топтық жұмыс, пікірталастар және шығармашылық тапсырмалар. Сабақ жылы және татулық атмосферасында өтті. Балалар пікірталастарға белсене қатысып, өз білімдері мен әсерлерімен бөлісті. Нәтижесінде ұжымдық «Ағаш»/ «Менің туған жерім» тақырыбындағы жоба құрды. Жоба жұмысында әр бала өзінің көзқарасы мен туған жерге деген сүйіспеншілігін көрсетті.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй