15 қарашада біздің мектепте «Мамандықтар күні» атты шығармашылық жұма өтті. Бұл күні «Менің болашақ мамандығым» атты дресс-код жарияланды. Оқушылар шығармашылық жұмаға дайындалып, қиял мен тапқырлық танытып, киімді дайындауға шығармашылықпен ыждаһаттылықпен мән берді. Белгілі бір мамандыққа байланысты костюмдер әртүрлілігімен таң қалдырды.
Сондай-ақ сынып жетекшілері ата-аналарымен кездесулер ұйымдастырды. Кездесулердің тақырыбы – «Менің кәсіби таңдауым». Шақырылған ата-аналар өз мамандықтарының ерекшеліктері туралы айтып, тәжірибелерімен бөлісті, кәсіби кеңестер берді. Осы күні біздің мектептің оқушылары өздері үшін көп жаңалық ашып, өз ата-аналарын басқа қырынан көрді және болашақта мамандық таңдау туралы ойланды деген үміттеміз.