6 желтоқсан күні жоспарлы кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында оқушылар Мәскеу қаласындағы аурухананың хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер-хирург Ильхам Вижданович Кудатовпен кездесті.
Ол хирург жұмысының қыр-сыры туралы, сондай-ақ протезист- дәрігер жұмысының ерекшеліктері туралы айтты. Балалар хирург қандай дағдыларға ие болуы керек, осы мамандықта одан әрі оқу және жұмыс істеу үшін қандай пәндерді тереңірек оқу керек екендігінен хабардар болды.
«Сіздің оқуға қанша сағат жұмсайтыныңызды ешкім білмейді, бірақ бұл сізді нәтижеге жетелейтін білім», – деп қадірлі қонағымыз оқушыларымызбен қоштасты.