Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Jump баскетбол лигасының қола жүлдегерлері

12 Мамыр 2026

«Тұран Лицейі» мектебінің баскетбол құрамасының жаттықтырушы Петрович Е.Н.-нің жетекшілігімен Jump баскетбол лигасының екінші дивизионындағы U-11 санаты бойынша ІІІ орын иеленді.

Үш ай бойы біздің оқушылар мектеп намысын абыроймен қорғап, табандылықтарын, командалық рухтарын және жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Әр ойын қатысушылардан бар күш-жігерін салуды, ерік-жігерді және бірлесе әрекет ете білуді талап етті. Жас спортшылар әр матчта барын салып ойнап, тек ойын тәжірибесін ғана емес, өз күштеріне деген сенімді де нығайтты. Лигаға қатысу барысында оқушылар физикалық әрі психологиялық тұрғыдан шыңдалып, бір-біріне қолдау көрсетуді және ортақ мақсат жолындағы қиындықтарды еңсеруді үйренді.

Команда мен жаттықтырушыны лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Баскетболшыларымызға алдағы уақытта да спорттық табыстар, жаңа жеңістер және жарқын жетістіктер тілейміз!

 

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй