9 және 29 қарашада директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары Омарова Ляззат Сембайқызы мектептің ғылыми жетекшілері мен оқушылары арасында бизнес-инкубатордың үйлестірушісі Береснева Анна Сергеевнамен және Enactus Turan командасымен бірқатар кездесулер ұйымдастырды.
Мақсат:
- Ғылыми-зерттеу іс-әрекетімен айналысуға бейім студенттерді анықтау және қолдау.
- Оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, мектептегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету.
- Үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік-мәдени жағдайларда өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға, өзін-өзі тұлға ретінде қалыптастыруға, кәсіби бағдарлануға көмектесу.
- Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру және дамыту.
- Оқушылардың ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне қызығушылығын тудыратын құзыреттілігін дамыту.
Enactus Turan командасы ғылыми, зерттеу, іскерлік және әлеуметтік жобалар топтамасын ұсынды. Кездесу жоғары деңгейде өтті. Студенттер мен оқушылар байланыста болу, қарым-қатынас жасау және бір-біріне жұмыстарын жақсартуға көмектесу үшін мекенжайларымен алмасты.