1 қыркүйекте Білім күніне арналған дәстүрлі жиынмен бірге жаңа оқу жылы басталды. Бұл барлығы үшін маңызды әрі толқуға толы мереке. Сондықтан да «Тұран» Лицейі» мектебіндегі іс-шара салтанатты түрде өтті. Алдымен Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен ашылды. «Тұран» университетінің ректоры Алшанов Рахман Алшанұлы құттықтау сөз сөйледі. Ал «Тұран» Лицейі» мектебінің директоры Исламгулова Светлана Константиновна оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге жылы лебізін білдірді. Қошеметке ие болған бірінші сынып оқушылары мектеп оқушыларының қатарына бұйыға қосылды. Вера Меньшенина мен Данияр Жақыпбайдың орындауында «Здравствуй, школа» әні әсерлі орындалды, ал «Мозаика Дэнс» би студиясының қатысушылары замануи ырғақты би биледі. Соңында бірінші қоңырау соғылды-ау! Жаңа мектеп тарихы да басталды! Сәт сапар болсын! Қайырлы қадам болсын!