5 наурызда «Тұран «лицейі» мектебінің салтанат залында Халықаралық әйелдер күніне орай «Наурыз тамшысы» атты концерт өтті. Оқушылар қонақтарға көрермендердің жүрегін жылытатын керемет әндер мен билер дайындады. Осы ерекше күні концертке ең қымбат әрі сүйікті мұғалімдер, аналар мен әжелер шақырылды. Жылы атмосфера мен шынайы қойылымдар қатысушылардың барлығына ұмытылмас әсер қалдырды. Бұл күнді балалар әйел затына қамқорлық, сүйіспеншілік пен шабытқа, қуаныш пен ризашылыққа толтырды.