Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

8-11 сынып оқушылары арасында «Махамбет оқулары» байқауы

17 Қыркүйек 2024

«Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 13 қыргүйек күні жалпы орта білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті. Махамбет Өтемісұлының рухы биік туындыларын насихаттау барысында жүзеге асырылған байқауға 5 номинация бойынша қатысты.

«Тұран» Лицейі» мектебінің 11 «Б» сынып оқушысы Филиппова Анастасия «Ұлы арман» (Махамбет шығармаларынан иллюстрация сурет салу) номинациясы бойынша қатысып, ІІІ дәрежелі орынға ие болды. Анастасия ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, иллюястрациялық сурет салды. Композицияны дұрыс құрастыра отырып, авторлық туындысын қорғап, жоғары деңгейде орындап шықты.

Жеңімпазымды құттықтаймыз! Талабы өрге жүзсін дегіміз келеді!

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй