Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

7 «В» СЫНЫБЫНДА ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ПӘНІНЕН АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ

6 Наурыз 2023

6 наурыз күні 7 «В» сыныбында дене шынықтыру пәнінен «Топта шытырман оқиғалы ойындар құру» тақырыбында ашық сабақ өтті. Мұғалімі Телемтаев Денис Валерьевич.

Сабақта балалар эстафеталық жарыстар мен спорттық ойындар арқылы топ ішінді баскетбол добына ие болу техникасын жетілдірді. Сабақтың негізгі бөлімінің соңында гандбол спорттық ойынын ойнады. Ойын барысында оқушылар өз қабілеттері мен командалық ойынға деген сенімділігін арттырудың тактикасы мен стратегияларын өз бетінше әзірлеп, қолданды, дене қабілеттері: жылдамдық пен ептілікті дамытты. Топпен ойын ойнаудың дағдыларын жетілдірді. Гандбол ойынының ережелерін жақсы білетінін көрсетті. Балалар топпен жұмыс жасауды, бір-бірімен пікірлесуді, шығармашылықты, ұйымшылдықты, топтық рухты көрсетті.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй