5 «А» сынып жетекшісі Кочеткова Марина Андреевна «Менің кәсіби таңдауым» тақырыбында сынып сағатын ұйымдастырып, оқушы Литвинова Софияның анасын шақырды. Ольга Николаевна өз бөлімінің жұмысы туралы айтып, өзі жұмыс істейтін компания шығаратын өнімнің бірнеше түрін көрсетті. Балалар өздерінің сүйікті қантты сусындарының неден тұратынын білді. Олардың құрамын өз көздерімен көрді. Әңгімелесу барысында балалар тәтті газды сусынды азырақ ішу керек деген қорытындыға келіп, тіпті кейбіреулері мұндай сусындардан, әсіресе энергетиктерден бас тартуға шешім қабылдады.
Кездесу қызықты, ақпарат танымды және өзекті болды.