Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

2 «Б» СЫНЫБЫНДА «ҚАЗАҚСТАН-БАҚЫТ МЕКЕНІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ

15 Желтоқсан 2023

15 желтоқсан 2023 жылы қазақ тілі мұғалімі Жумагалиева А.Г. «Гүлдене бер, Қазақстаным» фестивалі аясында 2 «Б» сыныбында «Қазақстан-бақыт мекені» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Балалар бір-бірімен және қонақтармен әлемнің әртүрлі тілдерінде амандасып, бейнероликті талдай отырып, тақырып пен мақсаттарды өздері анықтады, белсенділікпен жұмыс істеп, қызығушылық танытты.

Мұғалім сөйлеуді дамытуға ықпал ететін, үштілділікті қалыптастыратын түрлі жаттығуларды ұсынды. Бекіту кезеңінде оқу дағдыларын қалыптастыратын және бекіту жұмыстары жүргізілді.

Балаларға «Flippity» және «Dodecaedron» платформаларындағы ойын тапсырмалары өте ұнады және оқушылардың тақырыпты түсінгендерін көрсетті.

Барлық сабақ материалдары оқу бағдарламасына және жас ерекшеліктеріне сәйкес болды. Топтық жұмыс нәтижелі болды, балалар жақсы білім алғандарын көрсетті.

Сабақ мақсатына жетті, оқушылар барлық тапсырмаларды ойдағыдай орындады, тәрбиелік мақсат  та  сабақта толық орындалды.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй