15 ақпан күні қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айбергенова Айдана Бақытжанқызы 2 «А» сыныбында «Дастарқан ажары-бауырсақ» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ қызықты және мазмұнды болды. Балалар тақырыпты өздері анықтады. Мұғалім Word Wall платформасынан (анаграмма, сөздік ойын) ойындар мен жаттығуларды ұсынды.
Топтық, өз бетінше, жұптық жұмыс барлық балаларға жауап беруге, диалогқа қатысуға мүмкіндік берді, сөздік қорларын кеңейте отырып, сөйлеу дағдыларын көрсетеді.
Балалар «Бауырсақ» ертегісін қоюға ықыласпен қатысты. Мәтінмен жұмыс жасап, сұрақтарға жауап берді.
Сабақта әр оқушы өз жұмысын бағалады: мұғалім бұл үшін «Домбыра» әдісін қолданды.