Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 17 қыркүйегінде «Жеті тұрттың тілін біл» атты байқаудың аудандық кезеңі өтті. Байқауға 11-сынып оқушыларына арналған. Қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқып-түсіне алу керек. «Тұран» лицейі» мектебінен 11 «А» сынып оқушысы Толукан Зейнеп Эмель қатысты. Зейнеп үш тіл бойынша сұрақтарға жауап беріп, «Өзге тілдің бәрін біл…» тақырыбында қазақ тілінен эссе жазды. Орыс тілінен ауызша сұрақтарға толық жауап берді. Ал ағышын тілінде тест сұрақтарына жоғары деңгейде жауап берді. Байқауда жақсы нәтиже көрсете отырып, ІІ дәрежелі орынға ие болды. Зейнепті құттықтай отырып, оған тек сәттілік, табыс, жаңа жетістіктер тілейміз.