Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Болашақ мамандықтар: мектеп оқушыларына арналған жаңа мүмкіндіктер

17 Қараша 2026

17 қараша күні «Тұран» лицейінде педагогтерге, сынып жетекшілеріне және мектеп психологтеріне арналған семинар өтті. Кездесу қазіргі заманғы мамандықтарға, еңбек нарығындағы өзгерістерге және оқушыларға кәсіби бағдар беру мәселелеріне арналды.

Семинардың спикері – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, психолог, білім беру және кәсіби бағдар беру саласының сарапшысы Марина Александровна Скиба болды. Ол Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы жанындағы «Мамандығым – Болашағым» бағдарламасы кеңсесінің жетекшісі қызметін атқарады. Семинар барысында қатысушылар Қазақстанның жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласымен танысты. Марина Александровна жаңа технологиялардың, автоматтандыру мен жасанды интеллекттің әсерінен дәстүрлі мамандықтардың қалай өзгеріп жатқанын түсіндірді. Мысалы, самосвал жүргізушісі ұшқышсыз техниканың операторы, автокөлік жөндеуші электромобильдер механигі, ал қоймашы цифрлық қойма операторы мамандығына ауысуы мүмкін. Бұл мысалдар болашақта еңбек нарығында жаңа кәсіби бағыттар мен мүмкіндіктердің пайда болатынын көрсетті. Сонымен қатар педагогтер оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға, жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларымен танысуға көмектесетін заманауи құралдар туралы ақпарат алды. Әсіресе болашақ мамандарға қажетті білім, дағдылар мен құзыреттерге ерекше назар аударылды. Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысын балалар үшін барынша пайдалы әрі қызықты ұйымдастыру жолдарын талқылады. Мұндай кездесулердің мектеп үшін маңызы зор. Олар педагогтерге оқушыларды заманауи мамандықтар әлемімен таныстыруға, олардың қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтауға, сондай-ақ болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына бағыт-бағдар беруге мүмкіндік береді.

Қызықты кездесу, жаңа білім және пайдалы ұсыныстары үшін Марина Александровна Скибаға алғысымызды білдіреміз!

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй