Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Таза ауадағы шахмат ойыны

17 Қыркүйек 2026

4–6 сынып оқушылары үшін шахмат үйірмесінің сабағы таза ауада ұйымдастырылды.

Оқушылар шахматты қызығушылықпен ойнап, түрлі ойын жағдайларын талдап, келесі жүрістерін алдын ала ойластырды. Әрқайсысы мұқият болуға және ойын барысында маңызды сәтті жіберіп алмауға тырысты.

Таза ауада өткен сабақ балаларға шахмат ойынындағы дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, демалуға және уақыттарын пайдалы өткізуге мүмкіндік берді.Шахмат оқушылардың зейінін, есте сақтау қабілетін және логикалық ойлауын дамытады. Сонымен қатар ол жағдайды талдауға, бірнеше қадам алға ойлануға және дұрыс шешім қабылдауға үйретеді.

Осындай сабақтар шахмат үйірмесінің жұмысын қызықты әрі мазмұнды ете түседі. Ал таза ауа балаларға қарым-қатынас жасауға, ойын ойнауға және жаңа білім алуға жағымды көңіл-күй сыйлайды.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй