Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

«Жылдың үздік сыныбы» байқауының жеңімпаздары үшін ерекше демалыс!

18 Қыркүйек 2026

18 қыркүйек күні «Жылдың үздік сыныбы» байқауының жеңімпаздары — 3 «Б», 7 «А» және 11 «А» сыныптарының оқушылары үшін көңілді әрі мазмұнды демалыс ұйымдастырылды.

Балалар табиғаты көркем таулы жерде, таза ауа аясында керемет күн өткізді. Көңілді бағдарлама аясында оқушылар би билеп, спорттық эстафеталарға қатысып, логикалық тапсырмалар мен түрлі басқатырғыштарды шешті.

Балаларға әсіресеквест ойыны ерекше ұнады. Олар лагерь аумағынан жасырылған заттарды іздеп табу керек болды.  Тапсырмалар  топ болып орындалды. Оқушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, ұйымшылдық, тапқырлық және шапшаңдық танытты. Барлық сыныптар тапсырмаларды сәтті орындап шықты!

Түскі астан кейін әр сынып өзіне ұнайтын іспен айналысты. 3 «Б» сынып оқушылары серуендеп, еңбек сабақтарында жасайтын күзгі қолөнер бұйымдарына қажетті табиғи материалдар жинады.7 «А» сынып оқушылары жайлы күркеде демалып, әңгімелесіп, табиғаттың әсемдігін тамашалады. Ал 11 «А» сынып оқушылары музыкалық үзіліс жасап, ән айтып, спорттық ойындарға қатысты.

Бұл күн балаларға көтеріңкі көңіл-күй, қуаныш пен ұмытылмас әсер сыйлады. Осындай бірлескен демалыстар оқушылардың достығын нығайтып, өзара қарым-қатынасын жақсартып, ұйымшыл болуға, өздерін нағыз ұйымшыл топтың мүшесі ретінде сезінуге көмектеседі.

Бірге өткізген әрбір сәт — жарқын   естелік!

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй