Мектеп жанындағы лагерьдегі әр күн балаларға жаңа эмоциялар мен жарқын әсерлер сыйлайды.
Ізгі дәстүр бойынша таңертеңгілік уақыт көңілді жаттығулар мен таза ауадағы қимылды ойындардан басталды. Белсенді басталған күннен кейін балалар дәмді таңғы асқа үлкен қуанышпен барды.
Одан кейін оқушыларды қызықты тілдік сағат күтіп тұрды. Ағылшын және қазақ тілі мұғалімдері танымдық тапсырмалар, ойындар мен қызықты сабақтар дайындады. Балалар белсенді қатысып, көптеген жаңа мәліметтер алды.
Күннің ерекше оқиғасы бассейнге саяхат болды. Балалар қуана жүзіп, суда түрлі ойындар ойнап, уақыттарын тамаша өткізді. Жаздың ыстық күнінде бұл лагерь қатысушылары үшін нағыз сыйлыққа айналды.
Қайтып келген соң балаларды дәмді түскі ас күтіп тұрды. Барлығы тәбеттерімен тамақтанып, аздап демалып алды.
Күннің екінші жартысында балалар шахмат турнирлеріне қатысты. Олар зейінділік, тапқырлық және әр жүрісті алдын ала ойластыра білу қабілеттерін көрсетті.
Күннің қалай өткенін байқамай да қалдық. Бесін ас кезінде балаларды сүйікті тәттілері күтіп тұрды. Көп ұзамай ата-аналар келіп, балаларын үйлеріне алып кетті.
Осылайша лагерьдегі тағы бір қызықты әрі мазмұнды күн аяқталды.
Ертең кездескенше, сүйікті лагеріміз!









