Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Халықаралық жетістіктерге қадам

20 Сәуір 2026

2025–2026 оқу жылында мектеп оқушылары ағылшын тілі бойынша халықаралық Кембридж емтихандарына тыңғылықты дайындықтан өтті. Қазан айынан бастап оқушылар білімдерін жүйелі түрде жетілдіріп, тапсырмалар форматын меңгеріп, оқу, жазу, тыңдау және ауызша сөйлеу дағдыларын дамытты.

Емтихандарға әртүрлі деңгей бойынша – KET, PET, FCE және Flyers – 34 оқушы қатысты. Толқу болғанына қарамастан, барлық қатысушылар өздеріне сенімділік танытып, сынақтарды сәтті тапсырып, көп айлық еңбектерінің нәтижесін дәлелдеді.

Бұл тәжірибе тек тілдік дағдыларды дамытуда ғана емес, сонымен қатар өзіне деген сенімділікті арттыруда, мақсатқа жету қабілетін қалыптастыруда маңызды қадам болды. Оқушыларға, мұғалімдерге және ата-аналарға қосқан үлестері мен қолдаулары үшін алғыс білдіреміз. Алда – жаңа табыстар мен жетістіктер!

 

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй