Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

«Тұран Лицейі» мектебі оқушыларының 5–6 сыныптар арасындағы Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіндегі жеңістері

17 Желтоқсан 2025

«Тұран Лицейі»  мектебінің оқушылары 5–6 сыныптар арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, білімдерінің жоғары деңгейін, мықты дайындықтарын және жоғары нәтижелерге ұмтылыстарын көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:
5 «Б» сыныбының оқушысы Емелькин Эрик — қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен I орын (мұғалімі Талипова Гүлвира Ермантаевна) және
5 «В» сыныбының оқушысы Хадаева Аврора — ағылшын тілі пәнінен I орын (мұғалімі Токкожина Анар Елүбаевна).

III орынды 5 «Б» сыныбының оқушысы Назарчук Полина — орыс тілі пәнінен (мұғалімі Читилова Наталья Витальевна) және
6 «А» сыныбының оқушысы Петрова Ника — Қазақстан тарихы пәнінен (мұғалімі Жеңісқызы Әсем) иеленді.

Сондай-ақ, 6 «А» сыныбының оқушысы Чарикова Русалина қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша (мұғалімі Талипова Гүлвира Ермантаевна) грамотамен марапатталды.

Оқушылар мен олардың ұстаздарын қол жеткізген лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз және Республикалық олимпиаданың келесі кезеңдерінде жаңа табыстар мен жеңістер тілейміз!

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй