«Тұран» Лицейі» мектебінде 2014 жылдан бастап Электронды жауынгерлік даңқ мұражайы жұмыс істейді. Бұл маңызды жобаны Женіскызы Әсем басқарады. Ол 10-сынып оқушыларымен бірге мұражай базасын толықтыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп, жаңа материалдар жинақтап, мұражай қорын кеңейтіп келеді.
2024 жылы Электронды мұражай Алматы қаласының мектеп жауынгерлік даңқ мұражайлары қауымдастығына қабылданды. Халықаралық деңгейде мұражай Жеңістің 80 жылдығына арналған жобаны лайықты түрде таныстырды. Бұл мектеп мұражайының дамуына үлкен қадам болып, оның жұмысының жоғары деңгейде екенін дәлелдеді.
2025 жылы жоба жетекшісінің еңбегі лайықты бағаланды. Женіскызы Әсем Ресей Федерациясы Халықтар Ассамблеясының Бас хатшысы қол қойған Алғыс хатпен марапатталды. Бұл марапат — оның музей ісін дамытуға және қаһармандық өткенді сақтау ісіне қосқан көпжылдық үлесінің маңызды мойындалуы.




