2025 жылдың 24 қарашасында мектебімізде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған қазақ тілі кафедрасының апталығы басталды. Бұл маңызды шара ерекше жарқын әрі жүрекке жылы тиетін форматта ашылды.
Ертеңгілік уақытта мектеп фойесінде қазақ тілі пәні мұғалімдері педагогтар мен оқушыларды қарсы алды. Абайдың әуезді әндері орындалып, жылы көңіл-күй қалыптастырды. Қонақтарға ыстық бауырсақ таратылды, ал мұғалімдердің біркелкі ұлттық үлгідегі камзолдары мен арнайы безендірілген стенд жоғары деңгейдегі дайындық пен көркемдікті көрсетті.
Мектепке кірген мұғалімдер мен оқушылар алдын ала дайындалған викторина сұрақтарына қызығушылықпен жауап беріп, ұсынылған дәмнен қуана-қуана ауыз тиді. Кафедра мұғалімдері гимн орындау челленджін түсіріп, әріптестеріне эстафета жолдап, бірлік пен шығармашылық атмосферасын жалғастырды.
Апта бойы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай түрлі бағыттағы іс-шаралар өтеді. Аптаның алғашқы күні ерекше жылулық пен шабытқа толы болып, қазақ тілі кафедрасының апталығына әсем бастауы болды.




