«Тұран» лицейі» үшін өткен оқу жылындағы үлкен бастаманы атап өту, «Тұран» кітап клубының негізін қалаушылар және белсенді қатысушылары болған оқушыларды таныстыру үлкен қуаныш.
Олардың еңбегінің арқасында лицейімізде балалардың басын қосып, біріктіретін, оларды дамытуға көмектесетін және жаңаша ойлауға үйрететін орта қалыптасты.
Лицей Помазкин Николай мен Мамбетов Асылбекке ерекше алғысын білдіреді. Дәл осы кітап клубын құру идеясын ұсынып, кездесулерді ұйымдастыруды өз мойындарына алып, көптеген балаларды қатысуға шабыттандырды.
Сондай-ақ Бреусов Григорий мен Тигай Аланның белсенділігін атап өтпей кетуге болмайды. Олар бірде-бір жиналысты қалдырмай, пікірталастарға белсене қатысып, бірнеше рет шығарма бойынша викториналардың жеңімпаздары атанды.
Бүгін оқушылар лицейіміздің мәдени өміріне қосқан үлесі үшін алғыс белгісі ретінде мақтау қағаздары және «Книжный город» дүкенінің сертификаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар бұл бастаманы ұлттық «Адал Азамат» бағдарламасы аясында қолдап, тамаша идеяны жүзеге асыруға көмектескен ұстаздар Пилипенко Людмила Ивановна мен Цой Наталия Игоревнаға да алғыс айтамыз.
Құрметті балалар, егер ниет, күш-жігер және қолдау болса, тіпті мектептегі бастама да шынайы мәдени қозғалысқа айнала алады. «Тұран» кітап клубы бізді жаңа кездесулермен, кітаптармен және достық қарым-қатынаспен қуанта берсін!