2024 жылғы 6 желтоқсанда республикалық тарихи мұражайда «АТАМЕКЕН» картиналар көрмесінің ашылуы өтті. Көрмені «Тұмарарт» республикалық суретші – педагогтар қауымдастығы ұйымдастырды.
Көрмеде суретшілердің педагогтар мен олардың шәкірттерінің суреттері: натюрморттар, пейзаждар, Қазақстан халықтарының өмірі мен тұрмысы туралы баяндайтын жанрлық картиналар ұсынылған.
«Тұран» лицейі» мектебін бейнелеу өнері мұғалімі Л.В Саванкина және 7 «Б» сынып оқушысы Смирнова Дарья ұсынды. Мұғалімге және оның оқушыларына шығармашылық табыс тілейміз!