2024 жылдың 9 желтоқсанында «Тұран «лицейі» мектебінің химия пәнінің мұғалімі Попова Марина Владимировна «Оттегі. Оттегі алу. Қасиеттері» тақырыбы бойынша 8 «В» сыныбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар оттегіге сипаттама беріп, табиғаттағы, адам ағзасындағы газдың құрамын қарастырды. Оқушылар практикалық жұмыс жүргізіп, нәтижесінде оттегі алып, оның қасиеттерін зерттеді. Сабақтың мақсаты – оттегіні сипаттау, оттегін алу және оның қасиеттерін қарастыру. Барлық оқушылар басынан бастап процеске, сабаққа белсенді қатысып, тақырыпқа деген ынта мен қызығушылықтың жоғары деңгейін көрсетті. Сабақтағы ұйымдастырушылық, ынтымақтастық тақырыпты сәтті игерудің маңызды элементіне айналды.
Жүйелі және серпінді сабақ әп-сәтте өте кетті. Сабаққа қатысқан оқушылар сабақ барысынан ерекше әсер алды.