Күзгі демалыс – бұл саяхаттаудың тамаша уақыты. Демалыстағы сапар шығыс қалаларының тарихы мен мәдениетін зерттеуге бағытталды.. 5, 6 және 7-сынып оқушылары сынып жетекшілері М.А. Кочеткова, Н.И. Цой, М. К. Ахметова және ата — аналарымен бірге Өзбекстанға ежелгі Ташкент пен Самарқандқа саяхатқа аттанды.
Өзбекстанда өткізілген төрт күн оқушылар мен олардың ата-аналарына Ташкент пен Самарқандтың ежелгі мәдени және тарихи көрікті жерлерімен танысуға мүмкіндік берді. Бұл саяхат мектеп оқушыларына шығыстың бай мұрасы туралы жаымды әсер қалдырып, олардың тарихты зерттеуге деген қызығушылығын арттырды және ұмытылмас естеліктер сыйлады.