Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

6 «А»сыныбымен өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ашық сабақ

21 Қазан 2024

21 қазан күні 6 «А»сыныбында «Қазақстан – таулар мекені» тақырыбы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақтың құрылымы оның мазмұны мен мақсатына сәйкес келді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Исаханова Айжан Біржанқызы сабақтың басынан балаларды оқу материалын зерделеуге тұрақты ынталандыруды қамтамасыз ете отырып, тақырып бойынша зерттеуге және ой жүгіртуге бейімдеді. Оқушылар сабақтың мақсатын өздері тұжырымдады.

Жұмыс топта және жеке ұйымдастырылды, әр оқушыға өз білімін, іскерлігін практикалық тұрғыдан көрсетуге мүмкіндік берілді.

Сабақта балалар Қазақстан тауларына саяхат жасап, әртүрлі тапсырмаларды орындап, өз бетінше қорытынды жасап, оқу міндеттері мен оларды шешу жолдарын анықтады. Сабақта сыни ойлау әдістері белсенді қолданылды, өз бетінше талдап, қорытынды жасады, тірек сөздер бойынша әңгіме құрастыруға арналған тапсырмада тақырып бойынша білімдерін кеңейтті. Мұғалім оқу процесінде үйлестіруші қызметін атқарды. Мәтіндегі негізгі ойды анықтау үшін оқушылар мәтіндегі ақпараттарды салыстырды, сонымен қатар өзара тексеру жүргізді.

Сабақ соңында мен «Төрт сөйлем» әдісін рефлексия ретінде өткізді. «Қазір біз Қазақстанның ең биік шыңында тұрмыз. Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?» Олар өз ойларын білдіріп, түсіндірді және дәлелдеді, мысалдар келтірді және соңында қорытынды жасады. Әр оқушы өз нәтижесін анықтады.

Сабақ жоспарланған, материал оқушылардың жас ерекшеліктері мен тілдік қабілеттерін ескере отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатына сәйкес таңдалған.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй