22 желтоқсанда «Тұран» лицейі» мектебінде «Жаңа жылды «СОЛНЫШКО» балалар үйіне сыйла!» атты іс-шара өтті.
1-11 сынып оқушылары түрлі заттар, ойыншықтар, тәттілер жинады. Барлығы шын жүректен үлес қосты.
26 желтоқсанда ECO-TURA волонтерлері жиналған сыйлықтарды жеткізді.
Балалар үйінің директорымен кездесу, балалармен танысу өте тамаша көңіл күйде өтті. Балалар заттарды түсіріп, үйлерін көрсетті, күнделікті тұрмыс-тіршілігін әңгімеледі. Apple компаниясынан ең қымбат сыйлық AirPods туылған күні келесі күні келетін балаға берілді.
ECO-TURAN волонтерлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көмектесуді жалғастырады. «Мұқтаж жандарға қуаныш сыйлау – әлемді жақсарта түседі әрі мейірімділікке жетелейді», – дейді волонтерлар қозғалысының жетекшісі Ахметова Махинұр Құдатқызы.