Дарынды оқушыларды анықтау және мемлекетіміздің тарихына қызығушылықты ынталандыру бағдарламасы аясында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын 9-10 сынып оқушыларына арналған «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың республикалық зияткерлік конкурсын өткізеді. Ол қоғамдық белсенділікті дамытуға, өлкетану және мемлекетіміздің тарихы бойынша білімді тереңдетуге, өз Отанына деген мақтаныш сезімін, азаматтықты, ұлттық өзін-өзі сәйкестендіруді қалыптастыруға бағытталған.
Байқаудың аудандық кезеңінде «кіші Отан символы» номинациясы бойынша 10 «Б» сынып оқушысы Мусина Дамели 3 орынды иеленді.
Құттықтаймыз! Жарайсың, Дамели!