Мен осы мектепте оқитын екі оқушының анасымын, олардың бірі – 2021 түлегі. Басқа мектепке ауысу тәжірибесі болды, бірақ бір жылдан кейін қайта оралдық. Мен мұны мектепті бағалаудың ең жоғары көрсеткіші деп санаймын.
Балаларымның сынып жетекшілері Л.Л. Носкова, О.Ю. Акишеваға және алғашқы ұстазымыз З. Ш. Коваленкоға шын жүректен құрметім пен зор алғысымды білдіргім келеді.
Мұғалімнің кәсібилігі, оқушылардың өздеріне деген сенімі мен құрметі ата – аналар үшін мектепті таңдауда ең маңызды болып табылады.
Мен директорға және мектептің барлық педагогикалық ұжымына қамқорлықжәне кәсібилік үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді.