Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Сабыракынова Лейла Заитовна, 8 «В» сынып оқушысы Сабыракынов Дарханның анасы.

14 Шілде 2025

Крюкова Алла Валерьевна – шахмат бойынша жоғары санатты жаттықтырушы. Ол балалармен жұмыс істеп, шахмат ойынының техникасын дамытып, үйретіп қана қоймай, сонымен қатар ардагерлер мен 50+ әйелдер арасында да өзінің жоғары деңгейін сақтап, жас қарсыластарын жиі жеңіп келеді. Қазақстандағы түрлі чемпионаттар мен турнирлерге қатысады. 2018–2019 жылдары екі рет Маралсайдағы шахмат чемпионатында әйелдер арасында жүлдегер атанды. Сондай-ақ 2022 жылы Астанада өткен шахмат чемпионатына қатысып, 50+ санатында алтын медаль иеленгенін білемін.

 

Менің ұлым Алла Валерьевнамен 2 жыл бойы дайындалып жүр, нәтижесі көзге көрініп тұр. Қазір оның 2-разряды бар, бұл Алла Валерьевнаның еңбегі мен ұқыпты да талапшыл жетекшілігінің арқасы. Ол әрқашан жаңа деңгейге шығу үшін шахмат ойыны арқылы дамуға көмектеседі. Егер сіз Алла Валерьевнамен дайындалатын болсаңыз, балаңыз да, тіпті ересек адам да шахмат ойынында уақытпен бірге ілесе алатынына сенімдімін!

 

Айта келетіні, менің ұлым Сабырақынов Дархан, 7 «В» сынып оқушысы, 18 жасқа дейінгі, I разрядқа дейінгі оқушылар арасында өткен «Spring League chess» халықаралық рейтингтік турниріне қатысып, бірінші орынды иеленді – медаль, грамота және ақшалай сыйлық алды.

Алла Валерьевнаның табанды еңбегінің арқасында ұлым Дархан осы марапатқа қол жеткізді.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй