«Тұран» лицейіндегі қызым үшін бірінші оқу жылы аяқталады. Бесінші сынып оған қиын болды: өйткені жаңа мектеп, жаңа ұжым, мұғалімдердің жаңа талаптар. Дегенмен, қызым мұғалімдердің қолдауының арқасында жақсы жұмыс жасады. Сынып жетекшісі Марина Андреевнаға ерекше рақмет! Ол әрдайым оқушыларға да, олардың ата-аналарына да көмектесуге, қолдау көрсетуге дайын тұрады. Балаларды олимпиадаларға, байқауларға қатыстырады. Сондай-ақ, «Тұранда» үнемі өтіп тұратын қызықты іс-шараларды атап өткім келеді: жәрмеңкелер, қойылымдар, тақырыптық сабақтар. Қызым күзгі демалыста ұйымдастырылған Ташкент пен Самарқандтағы сапарға қуана-қауана барды.