Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Цай Ульяна Лаврентьевна, 1 «Б» сынып оқушысы Цай Владимирдің анасы

14 Мамыр 2025

Мен «Тұран» мектебі туралы пікір қалдырғым келеді.  Мен ұзақ уақыт бойы ұлыма лайықты мектеп іздедім және таңдауда қателеспедім. Ұлым 1-сыныпты бітіруде. Біздің ұстазымыз Паканова Галина Леонидовнаға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Мен оны Құдайдың берген ұстазы деп айта аламын. Өз ісінің шебері! Сыныпта 22 бала бар және барлық 22 бала мұғалімнің назарыне бөленуде. Балам өте риза және бұл мектеп ең жақсы деп санайды, өйткені ол «ақылды»дейді. Ең бастысы, бұл мектепте бейнелеу өнері, музыка, хореография, дене шынықтыру, кесте сияқты пәндер жоғары деңгейде оқытылады. Неліктен мен бұл пәндерді ерекше атап өтемін, өйткені үлкен балалар мектепті бітіріп үлгерді, оларда бұл пәндер жоқ, содан кейін таң қалдым. Яғни, менің айтайын дегенім, мектеп балаларды барлық бағытта дамытады және бұл үлкен артықшылық. Мектеп бітіргенге дейін үлкен балаларым 5 мектеп ауыстырды. Кенжесімен мұндай болмайды деп үміттенемін.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй