5 «А» сынып оқушысы Тохтабакиев Альмансурдың сынып жетекшісі, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Валерия Викторовна Соловьеваға үлкен алғысымды білдіремін.
Ол – өте сауатты, мұқият әрі жанашыр педагог. Балалармен тіл табысып, оларды қолдап, пәнге деген қызығушылығын оята біледі. Сіздің еңбегіңіздің, сабырлығыңыздың және кәсібилігіңіздің арқасында балалар тек білім алып қана қоймай, жауапты, мейірімді әрі өзіне сенімді тұлға болып қалыптасуда.
Сонымен қатар тарих пәнінің мұғалімі Әсем Жеңісқызына да қызықты сабақтары, оқушыларға деген құрметі және балаларды өз пәніне қызықтыра білу қабілеті үшін алғысымызды білдіреміз. Балаларымыздың дамуына қосқан үлесіңіз, қамқорлығыңыз және шыдамдылығыңыз үшін рақмет.