Для тех, кто верит в себя и стремится к успеху!
Алматы, ул. Мынбаева, д. 102

Исаханова Айжан Біржанқызы

 

Мен 2019 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетін бітірдім.

 

Мектепке дейін мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетінде жұмыс істедім.

 

Мен немен мақтанамын. Мен өз қалауымды таңдап, осы мамандыққа оқуға түсіп, мұғалім болғаныма мақтан тұтамын.

 

Менің ата-анам менімен мақтан тұтады, себебі мен кез келген жағдайдан жағымды жағын көре аламын, көруге тырысамын, тіптен ең мүмкін емес жағдайда. Және тек ата-анамның қызы болғаным үшін де.

Мен оқушы кезімде, мектепті екінші үйім деп санайтын едім, себебі менің араласатын адамдарымның 90%-ы сол жерде болатын.

 

Қазір мен мектепті дамудың нағыз ордасы деп ойлаймын.

 

Балалық шағымда мен әнші, тілші және мұғалім болуды армандадым.

 

Мен маған мұғалім болған адамдарға алғысымды білдіремін. Менің өмірімде өте көп жақсы адамдар болды. Олар маған өзімді тануға көмектесті. Мен өзімді тапқанымда сол адамдардың үлесі көп, соларға алғыс білдіремін.

 

Мен өз оқушыларымнан нені үйренемін? Мен оқушылардан сабырлы, төзімді, байқампаз болуды үйрендім. Мен өзіме сыртымнан қарауды үйрендім, өмірге деген басқа да көзқарастарым пайда бола бастады, кейбір қызық кітаптарды оқуға ниеттендім.

 

Өз қалауыңдағы жұмыспен айналысқанда, басқа артық сөздің керегі жоқ.

 

Жұмыстан кейін мен кітап оқимын және жақын адамдармен уақыт өткіземін.

 

Болашақтың идеал мектебі – әр бала өз жолын табатын мүмкіндіктер мектебі. Меніңше, келешек мектеп барлығын бір эталонға теңестірмей, даралықты жігерлендіретін, дамытатындай ұйымдастырылатын сияқты.

Балалар мұндай мектепке қуана барады, сабаққа келмеу болмайды, оқытудың пайдасы көп болады.

 

    У ВАС ЕСТЬ ВОПРОСЫ?
    Напишите свой вопрос и укажите ваш email. Мы ответим вам в ближайшее время
    Алматы, ул. Мынбаева, д. 102