Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Аутәліп Еркеназ Нұржанқызы

Мен «Тұран» университетін «Психология» мамандығы бойынша тәмамдадым. Университетте алған білімім балаларды, олардың мінез-құлқы мен жеке ерекшеліктерін жақсырақ түсінуге көмектеседі.

«Тұран лицейі» мектебіне келгенге дейін «Диана» жоғары медициналық колледжін «Фельдшер» мамандығы бойынша бітірдім. Колледжді тәмамдағаннан кейін мамандығым бойынша №29 қалалық емханада жұмыс істедім.

Маған балалармен жұмыс істеу, олардың дамуын бақылау, қолдау көрсету және мектеп ортасында өздерін жайлы сезінуіне көмектесу ұнайды.

Қазіргі уақытта «Тұран лицейі» мектебінде тәрбиеші болып жұмыс істеймін. Күн сайын балалармен қарым-қатынас жасаймын, оларды бақылап, әртүрлі жағдайларды шешуге көмектесемін және мейірімді әрі тыныш орта қалыптастыруға тырысамын.

Менің жұмысымның балалармен байланысты болғанына қуаныштымын. Әр баланың өз мінезі, қызығушылығы мен жеке ерекшеліктері бар. Мен үшін әр баланың өзіндік тұлғасын көре білу, оған түсіністікпен қарау және қолдау көрсету маңызды.

Балалардан мен шынайылықты, ашықтықты және қарапайым нәрселерге қуана білуді үйренемін. Олармен жұмыс істеу мені үнемі дамуға, жаңа нәрселерді үйренуге және балалар әлемін тереңірек түсінуге жетелейді.

 

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй