Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

«… ЖҰЛДЫЗ ЖҰЛДЫЗбЕН ТІЛДЕСЕДІ…»

20 Ақпан 2024

Пушкин мен Абай – екі көрнекті тұлғаның рухани қарым-қатынасының феноменальды үлгісі. Дүние мен адам тұтастығын танытатын олардың поэзиясының қайталанбас үндестігі осының жарқын дәлелі.

Пушкин де, Абай да ұмытылмас шығармаларында ізгілік, достық, махаббат, бақыт тақырыптарын қозғап, табиғат сұлулығына тамсанып, ақынның, поэзияның орнын ой елегінен өткізген.

Орыс тілі, қазақ тілі және тарихы пәндерінің мұғалімдері Потреденная Ирина Алексеевна, Соловьева Валерия Викторовна, Талипова Эльмира Ермонтайқызы, Жеңісқызы Әсем «Пушкин мен Абай – ұлылар үндестігі» атты әдемі, танымдық іс-шараны дайындады.

8-10 сынып оқушылары Ксения Зимарина, Амина Зурдинова, Алина Плешкова, Дияр Қасымов, Таңсұлу Кәрімжанова махаббат, еркіндік, табиғат туралы әдемі өлеңдер оқыды. Жақыпбай Данияр Пушкиннің «Мен саған келе жатырмын…» өлеңдері бойынша романс орындады. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Эльмира Ермонтайқызы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Ал 4 «А» сынып оқушылары оның мазмұнын бимен ашты.

«Евгений Онегин» романындағы Татьянаның хатын Толықан Зейнеп оқып берді. Абайдың қара сөздерін Сұлтанмұрат Темірлан толғандыра жырлады.

Мереке жүргізушілері, 11 «А» сынып оқушылары Байбұз Дария мен Болатбек Алтынай жиналғандарға бұл ақындардың өнерлері сан қырлы, сондықтан олардың шығармалары ғасырлар бойы сақталып, өзінің ерекшелігі мен өзектілігін жоғалтпағанын айтты.

Адель Күсекбаеваның орындауындағы ән поэзияның, музыканың және сұлулықтың жиынтығы болған мерекелік кешті аяқтады.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй