Бастауыш сынып оқушыларын 2-ші тоқсанды сәтті аяқтағаннан кейін жаңа жылдық сыйлықтар күтіп тұрды. Олардың бірі – «Жас Сахна» театрына бару. Театрда біздің мектеп оқушылары Аяз Ата мен Ақшақармен шыршаның айналасында көңілді дөңгелек бимен аяқталған «Етіктегі мысықтың Жаңа жылдық шытырман оқиғалары» атты қызықты қойылымды тамашалады. Қорытындылай келе, барлық балалар тәтті сыйлықтарға ие болды. Алда қысқы демалыс және жаңа жылдық мерекелер сыйы күтуде.