Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

ҚР Тәуелсіздік күніне арналған интерактивті викторина

11 Желтоқсан 2024

11 желтоқсанда «Тұран» лицейі» мектебінде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған 6 сынып оқушыларына арналған интерактивті викторина өтті. Викторинаны тарих пәнінің мұғалімдері Пилипенко Людмила Ивановна мен Жеңісқызы Әсем ұйымдастырды.

6 сынып оқушылары өз командаларын құрды: «Скифтер» – 6 «А» сыныбы, «Тарих білгірлері» – 6 » Б » сыныбы.

Викторина келесі кезеңдерден тұрды:»Шығармашылық»,»Тарих» және «Мәдениет». Әсіресе, қазақ аңыздарының сахналары ерекше әсер қалдырды. Қазылар алқасы мен көрермендер 6 «Б» және 6 «А» сыныптарының музыкалық костюмдік қойылымына тәнті болды.  Оқушылар көркемдік қабілеттерін, сондай-ақ, Қазақстан тарихы, түркі және грек мифологиясы бойынша білімдерін көрсетті. Әр кезеңнің нәтижелері бойынша балалар мадақтамалармен марапатталды.

Интерактивті викторина оқушылардың танымдық зияткерлік деңгейін арттырып, тарихқа, өткеннің мәдени мұрасына қызығушылықтарының дамуына ықпал етті.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй