Өзіне сенетін және табысқа ұмтылатындар үшін!
Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй

Мектеппен қоштасу және жаңа үміттер мерекесі

25 Мамыр 2026

«Тұран Лицейі» мектебінде «Соңғы қоңырау – 2026» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл күн мектеп түлектері, ұстаздар, ата-аналар және барлық оқушылар үшін ерекше әрі толғанысқа толы оқиға болды.

Мерекелік шараға қатысушыларды «Тұран» университетінің ректоры, «Тұран» білім беру корпорациясының президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Рахман Алшанұлы Алшанов құттықтады. Ол түлектерге мектепті аяқтауларымен құттықтау айтып, өз күштеріне сенімді болуға, табысқа жетуге және жаңа белестерді бағындыруға тілек білдірді. Іс-шара барысында кәсіби қызметте, олимпиадалар мен түрлі байқауларда жоғары жетістіктерге жеткен педагогтер мен оқушылар марапатталды. Мерекенің сәнін оқушылардың шығармашылық өнер көрсетулері келтірді. Мектептің хор ұжымы «А в Казахстане небо чуть светлее» әнін орындаса, түлектер әсерлі ән шырқап, дәстүрлі мектеп вальсін биледі. Ал бастауыш сынып оқушылары «Разл Дазл» студиясының жарқын би нөмірін ұсынды.

Салтанатты жиынның ең маңызды сәттерінің бірі – «Жылдың үздік оқушысы» байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. Өз жас санаттары бойынша жеңімпаз атанғандар:

  • Елеуова Сафина – 4 «А» сыныбының оқушысы;
    • Ерланұлы Арулан – 8 «А» сыныбының оқушысы;
    • Николаев Илья – 10 «Б» сыныбының оқушысы;
    • Кузьминых София – 9 «А» сыныбының оқушысы.

Сонымен қатар, 7 «Б» сыныбының оқушылары Анварбекова Айлин мен Шабанова Милана «Тұран амбассадоры» атағымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

«Соңғы қоңырау – 2026» салтанатты жиыны жылы, әсерлі әрі мерекелік көңіл күйде өтіп, «Тұран Лицейі» мектебінің түлектері, ата-аналары мен ұстаздарының жүрегінде жарқын естелік қалдырды.

    СІЗДЕ СҰРАҚТАР БАР МА?
    Сұрағыңызды жазыңыз және email-ді көрсетіңіз. Біз сізге жақын арада жауап береміз
    Алматы, Мыңбаев көшесі, 102-үй